Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ашық дереккөзі
Қазақстан халықаралық рейтингтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзінің көрсеткіштерін жақсартуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте прогресті бағалайтын 9 рейтингтік агенттіктердің бірі Әлемдік сот төрелігі жобасы өзінің есебін жариялады. Соңғы жылдары Қазақстан бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанатынын атап өткен жөн. Акценттің жазалаудан алдын алу шараларына ығысуы халықаралық рейтингтік агенттіктердің оң бағасын алды. Әлемдік сот төрелігі жобасының бағасы бойынша Қазақстан 0,51 ұпай жинады және 2016 жылғы нәтижелермен (73) салыстырғанда 9 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елінің арасында 64-орынға ие болды. Мұндай нәтижеге қол жеткізудің негізгі факторларының бірі - «Сыбайлас жемқорлықтың болмауы» индикаторы бойынша көрсеткіштің 2016 жылмен (0,43) салыстырғанда 0,02 ұпайға өсуі (0,45). Ұқсас жағымды өзгерістер Халықаралық басқаруды дамыту институтының Жыл сайынғы жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің рейтингінде де атап өтілді, оған сәйкес 2017 жылы біздің еліміз рейтингте 32-орынға ие болып, 2016 жылмен (47) салыстырғанда көрсеткішті 15 позицияға жақсартты. Аталған рейтингте жеке индикатор ретінде «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» белгіленген, ол бойынша Қазақстанда прогресс 1,5 есе байқалуда (2017 жылы - 4,26 ұпай, 2016 жылы - 2,52). Әзірге бұл тек екі рейтингтік агенттіктің мәліметтері. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамалары Транспаренси Интернешнлдің Сыбайлас жемқорлықты сезгіштігі индексіне жалпы қалай әсер ететінін біз бір айдың ішінде білеміз. Айта кетейік, 21 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің Сыбайлас жемқорлықты сезгіштігі индексі жарияланады.