Алматыда ТМД Үкімет басшылары цифрландыру мәселесін талқыға салуда

Алматыда ТМД Үкімет басшылары цифрландыру мәселесін талқыға салуда

Алматыда ТМД Үкімет басшылары цифрландыру мәселесін талқыға салуда
ашық дереккөзі
Алматы қаласында «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы басталды. Форум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттері Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қолданумен цифрлық салаларды дамытуға елеулі ресурстарын салуда. Форумның басты мақсаты – өзіндік цифрлық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, оларды дамытуды жеделдететін бірлескен шаралар әзірлеу, сондай-ақ елдік артықшылықтар және өңірлік интеграциялық трансформациялау негізінде келесі дивидендтерді алу жолдарын әзірлеу.  width= Айта кетсек, 2017 жылдың қазан айында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер басшылары цифрлық жұмыс күнтәртібінің 2025 жылға дейінгі басты бағыттарын бекіткен. Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасына қолдау танытқан болатын. Жалпы, Қазақстан ТМД ішінде алғашқы болып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануды, электрондық үкімет бірыңғай порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізуді бастаған. Еліміз Цифрлы Қазақстан бағдарламасына барлығы 169 мрлд теңге жұмсауды көздеп отыр. Болжам бойынша бағдарлама арқасында 2025 жылдан бастап, ІЖӨ-нің 30 пайызы цифрландыру жобаларынан тұруы керек. Сондай-ақ, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына салынған қаржы 2025 жылға қарай 4,8 – 6,4 есе инвестиция есебінде қайтады деген жоспар бар. «Цифрлы Қазақстан» экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бағытында  цифрлық трансформациялау бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Бағдарламада 2 негізгі мақсат айқындалған. Бірінші, экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке өту және «Цифрлық Жібек жолын» дамыту арқылы экономиканы дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қарқынын айтарлықтай үдету. Екінші, адам капиталын дамыту және ұзақ мерзімді перспективада инновациялық экожүйені құру арқылы Қазақстан экономикасының жаңа даму траекториясына өту міндеті тұр.  width= Форум жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның Премьер-министрлері, сондай-ақ халықаралық бірқатар IT компаниялардың өкілдері қатысуда. Форумда ТМД елдерінің Премьер-министрлері, ЕЭК Алқасының төрағасы және халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессия; «Инновация және технологиялық кәсіпкерлік», «ЕАЭО цифрлық күн тәртібі: бастамалар мен жобалар», «Өнеркәсіпті цифрландыру (Индустрия 4.0)», ЕАЭО-да ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау» тақырыптық сессиялары өтеді.

Суреттерді түсірген Мақсат Құсайынов