Жаңалықтар

Алматыда ТМД Үкімет басшылары цифрландыру мәселесін талқыға салуда

ашық дереккөзі

Алматыда ТМД Үкімет басшылары цифрландыру мәселесін талқыға салуда

Алматы қаласында «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы басталды. Форум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттері Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қолданумен цифрлық салаларды дамытуға елеулі ресурстарын салуда. Форумның басты мақсаты – өзіндік цифрлық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, оларды дамытуды жеделдететін бірлескен шаралар әзірлеу, сондай-ақ елдік артықшылықтар және өңірлік интеграциялық трансформациялау негізінде келесі дивидендтерді алу жолдарын әзірлеу. Форум жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның Премьер-министрлері, сондай-ақ халықаралық бірқатар IT компаниялардың өкілдері қатысуда. Форумда ТМД елдерінің Премьер-министрлері, ЕЭК Алқасының төрағасы және халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессия; «Инновация және технологиялық кәсіпкерлік», «ЕАЭО цифрлық күн тәртібі: бастамалар мен жобалар», «Өнеркәсіпті цифрландыру (Индустрия 4.0)», ЕАЭО-да ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау» тақырыптық сессиялары өтеді.

Суреттерді түсірген Мақсат Құсайынов