Трамп Нобель сыйлығына үшінші мәрте ұсынылды

Трамп Нобель сыйлығына үшінші мәрте ұсынылды

Трамп Нобель сыйлығына үшінші мәрте ұсынылды
ашық дереккөзі
АҚШ президенті осымен үшінші рет «бейбітшілік үшін күрес» идеологиясына деген адалдығы үшін Нобель марапатына ұсынылып отыр. Бұл туралы Норвегия институтының директоры Хенрик Урдал айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап. «Бізге Трамптың марапатқа ұсынылғандығы туралы хабар келіп түсті. Оны растаймын. Қалай десек те, бұл номинацияның артында не тұрғанын айта алмаймын. Себебі, бұл жасырын ақпарат. Мен бар болғаны оны америкалық азаматтың ұсынғанын ашық мәлімдеймін», – дейді Урдал. Мұнымен қатар, институттың директоры осы адамның Трампты марапатқа үш жылдан бері ұсынып келе жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетсек, Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі 2018 жылдың қазан айында белгілі болады.