Түркіменстанда бензин 50 пайызға қымбаттайды
Түркіменстанда бензин 50 пайызға қымбаттайды
Түркіменстанда бензин қымбаттайды. Астанадағы жанар май құю бекеттерінде 23 ақпаннан бастап, бензин құны литріне 1.5 манат болады деген хабарландыру іліп қойған. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің Ашхабадтағы дереккөзі хабарлайды.
Тағы бір дереккөзге қарағанда, бензин 1 ақпаннан бастап қымбаттайды дейді. Оның айтуынша, қалада байбалам басталған. Көлік иелері жаппай бензин сатып алып жатыр.
"Мен 30-ықшам ауданындағы жанар май құю бекетінен өттім. Онда кезекте 60-70 көлік тұр", - дейді дереккөз.
Соңғы рет Түркіменстанда бензин бағасы 2015 жылдың қаңтар айында қымбаттаған. Ол кезде 60 пайызға өскен. Қазір А-95 маркалы бензин бағасы 1 манат (1 АҚШ доллары 3.5 манат).