Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – қайырлы іс
ашық дереккөзі
Жуырда «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы ана Марина Түкенова келіп, үй жылыту үшін отынға зәру болып отырғанын айтқан еді. – Жұмыс істеймін, жалақым аз. Жалдамалы үйде тұрамын. Үйді жылытуға көмір өте қажет болып тұр. Партияның қайырымдылық қоры еместігін білеміз. Сөйте тұра, көмек сұраймын, – деп өтінді көпбалалы ана. Өтінішін айта келген ананы мұқият тыңдаған облыстық мәслихаттың депутаты, партияның депутаттық фракциясының мүшесі Олег Крук жергілікті тұрғынға көмек беруді ұйғарды. Ол өз қаражатына 4 тонна көмір сатып алып, тиісті мекен-жай бойынша үйіне жеткізіп берді. Сонымен бірге, көпбалалы отбасының қиын жағдайына жәрдемдесу мақсатында партияның облыстық филиалы қызметкерлері қаражат жинап, М.Түкеноваға материалдық көмек көрсетті. Павлодарлық нұротандықтар Моңғолиядан көшіп келген Оқыш Бидайықтың отбасына көмек көрсеткенін де айта кеткен жөн. Оқыш Бидайықтың сөзіне қарағанда, отбасының жағдайы өзінің денсаулығы нашарлағаннан соң күрт төмендеген. Осыған байланысты жұмысқа шығып, нәпақа табуға мүмкіндігі жоқ. Партиялықтар оның өтінішін де назардан тыс қалдырмай, аталған отбасына азық-түлік жеткізіп берді. Партияның облыстық филиалы демеушілердің көмегімен көпбалалы, оралмандар, аймаққа басқа өңірлерден көшіп келген отбасылар мен жалғызілікті ардагерлерге тұрақты түрде жәрдем беріп жүргенін атап өткен лазым. ‒ Партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесі БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың мұқтаждықтарын назарда ұстайды. Әсіресе, оралмандар мен басқа өңірлерден көшіп келген отбасылар мәселелері – ерекше назарда. Бұл филиал төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың бізге жүктеген міндеттерінің бірі. Шамамыз келгенше демеушілердің көмегімен мұндай адамдарға қол­ұшын беруге тырысамыз, – дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төр­ағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.