Жаңалықтар

АҚШ Президенті Трамп Конгресте Жолдау жасады

ашық дереккөзі

АҚШ Президенті Трамп Конгресте Жолдау жасады

Америка президенті Дональд Трамп алғаш рет Конгресте Америка халқына арнап Жолдау жасады. Ол қазіргі уақыт «Америкалық арманды» жүзеге асыруға қолайлы уақыт екенін де атап өтті. «Былтыр елімізде болған табиғи және адам қолынан жасалған қайғылы оқиғаларға қарамастан, америкалықтар өздерінің қайсар әрі батыл екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Біз одан әрі қауіпсіз, күшті және асқақ Американы бірге құра береміз» деп мәлімдеді АҚШ Президенті Трамп. Жолдауда ұлтты бірігуге шақырған, сонымен бірге электоратқа арналған және иммиграция мәселелерін қамтитын мәселелерге баса назар аударды. Сонымен қатар АҚШ Президенті Трамп экономика саласындағы өз жетістіктерін де атап өтті. «Экономиканың дамуында шағын бизнестің деңгейі айтарлықтай жоғарылады. Биржада да рекордтық көрсеткіштер жеткілікті, және былтыр оның капиталы 8 триллион долларға жетті» деді Трамп. АҚШ Президенті Конгрестен инфрақұрылым нысандарын модернизациялауға 1,5 триллион доллар қарастыруын сұрады.  «Америка бұл үкіметтің және бюрократияның емес, сенім мен отбасылық өмірдің орталығы екенін білеміз. Біздің ұранымыз - «Құдайға сенеміз», деп мәлімдеді Трамп Америка халқына арнаған жолдауында. Дональд Трамп ел қауіпсіздігін күшейту мақсатында Американың экс-президенті Барак Обаманың Гуантанамо түрмесін жабу туралы шешімін жойғанын мәлімдеді.