Алматы облысында көмір тапшылығы қашан жойылады?

Алматы облысында көмір тапшылығы қашан жойылады?

Алматы облысында көмір тапшылығы қашан жойылады?
ашық дереккөзі
Алматы облысында бір айдан бері көмір тапшы. Тапшылықтың себебі және мәселенің қашан шешілетіні облыстық әкімдіктер бейнеконференциясында айтылды.  “Аймақтағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізушілер мен сатушылар ауа райы жағдайына дайын болмаған және күрт өскен сұранысты дер кезінде қанағаттандыра алмаған”, – дейді Алматы облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатов. Оның айтуынша, 20-24 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуінен көмір өндіру көлемі азайды, осыған байланысты отынды жеткізу кестесі де сақталмаған. 25 қаңтардан бері көмір разрездеріндегі жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Әзірге көмірді жеткізу мәселесі тұрақталмады. «Талдықорған өңірінде 92 вагон көмір бар, тағы 54 вагон көмір түсіру жоспарланып отыр. Талдықорған қаласында 16 вагон көмір түсіріліп жатыр. Менің ойымша, екі-үш кұнде тұрмыстық көмірге деген сұранысты жабамыз», – деді Қанағатов. Қазіргі уақытта 29 мың 640 тонна көмір бар, оның бір тоннасы 14,5-15 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, ауа температурасының төмендеуіне байланысты соңғы аптада республиканың оңтүстігінде, әсіресе Алматы облысында көмірге деген сұраныс күрт өсті. Соның салдарынан Талдықорғанда бір тонна көмір бағасы 20 мың теңгеге дейін қымбаттады.