Жаңалықтар

Ислам Каримовтың мерейтойына қыздары мен немерелері неге келмеді?

ашық дереккөзі

Ислам Каримовтың мерейтойына қыздары мен немерелері неге келмеді?

Өзбекстан халқы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің 80 жылдығын  атап өтті. Мерекелік шараларға оның қыздары мен немерелері қатыспады, деп жазады centralasian.org.  Самарқанда 30 қаңтарда Ислам Каримов атындағы мемориалды комплекс ашылды, ал Карши қаласында бірінші президентке арнап ескерткіш тұрғызылды. Мерекелік шараларға тұңғыш президенттің зайыбы Татьяна Каримова ғана қатысты. Бірақ оның не қыздары, не немерелері төбе көрсетпеді. Ислам Каримовтің АҚШ-та тұратын кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Facebook парақшасына не себептен бара алмағанын жазған. «Туындаған жағдайға байланысты Самарқанға ұшып бара алмадым, бірақ сіздің туған отаныңызда, жаңа әдемі орныңызда бізді күтетініңізді білеміз, сіздің халқыңыз – өзіңіздің балаларыңыз сізді шын көңілімен жақсы көреді», – деп жазды Лола Каримова-Тилляева. Тұңғыш президенттің үлкен қызы Гүлнар Каримова қазір абақтыда отыр. Оның үстіне тағы да қылмыстық іс қозғалған. Ислам Каримовтің 25 жастағы үлкен немересі кіші Ислам Каримов болса таяуда ғана Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.