Жаңалықтар

Түркіменстан шенеуніктеріне диетаға отыруға тура келді

ашық дереккөзі

Түркіменстан шенеуніктеріне диетаға отыруға тура келді

Балқан облысында жұмыс сапарымен жүрген Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов аймақта бірқатар кадрлық өзгерістер жасайды деп күтілуде. Үміткерлер медициналық тексеруден өтіп жатыр, ал семіз шенеуніктер бірден тізімнен шығарылатын көрінеді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Ел президенті қаңтар айының басында елдегі ондаған әкімдер мен орынбасарларын қайтадан тағайындады. Елдегі аудандардың біріне әкім қызметіне үміткердің туысының айтуынша, бүгінде әкім мен оның орынбасарлары қызметіне үміткерлерді тек іріктеп алады. «Аудан, қала аттары атының өзгеруіне байланысты жергілікті әкімдерді де қайта тағайындады. Үміткерлермен президент әкімдігінің арнайы адамдары жұмыс істеді. Үміткерлердің ішінде менің де туысым болды. Ең қызығы бәрін медициналық тексеруден өткізді. Сыртқы түр-тұлғаларына да аса көңіл бөлді», - дейді әңгімелесуші. Әсіресе сыртқы келбетке мән бергендіктен, шенеуніктердің дені арнайы диета ұстауларына тура келген.