Еліміздің екі университетіне жаңа басшы тағайындалды

Еліміздің екі университетіне жаңа басшы тағайындалды

Еліміздің екі университетіне жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (СҚМУ) ректоры қызметіне үміткерлерді анықтау бойынша республикалық конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен құрамына танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия ректор қызметіне үміткерлермен әңгімелесу өткізді. Конкурсқа өтініш білдірген 10 үмкіткердің ішінен республикалық конкурстық комиссияға 5 үміткер ұсынылды», - делінген хабарламада. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша, ШҚМУ ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және СҚМУ ректоры болып Өмірбаев Серік Мәуленұлы тағайындалды.