2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған  

2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған  

2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған  
ашық дереккөзі
Былтыр жемқорларға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған. 2017 жылы 441 жемқорға 2 млрд теңгеден астап айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төрағаның айтуынша, 2017 жылы айыппұл салу шарасын қолдау біршама төмендеген. Мұның бірқатар себебі де бар. «Бұл негізінен айыппұл көлемінің үлкен болуына байланысты тұлғаның төлем қабілетсіздігі болып отыр. Сараптама көрсеткендей, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 441 тұлғаға айыппұл жазасы белгіленіп, үкімге сәйкес 2 миллиард теңгеден астам айыппұл белгіленген. Заңды күшіне енген үкімдер бойынша жалпы алғанда жемқорлық іске қатысы бар 63 тұлғаның айыппұлдарын төлей алмауына байланысты жаза басқаға ауыстырылды», - деді Абай Рахметулин. Оның айтуынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекске қылмыстық іске тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар новелла енгізілген. Солардың бірі - процессуалдық келісім, институты, кінәні мойындау туралы мәміле.   «Процессуалды келісім істері бойынша да өсім байқалады. Сотқа түскен және қаралған істердің де саны арта тұсуд. 2017 жылы процессуалдық келісіммен 4 240 іс аяқталды. Дегенмен, тәжірибе процессуалдық  келісімді қолдануды жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр», - деді ол. Рахметулиннің сөзіне қарағанда, бұл бірінші кезекте заңдылыққа, әділдікке және өзге де тұлғалардың да құқықтары мен мүдделерін бұзбауға сай болуы тиіс. «Тек Жоғарғы сот қана 2017 жылы кассациялық тәртіппен 17 тұлғаға қатысты 9 үкімді жойды. Аталған істер процессуалдық келісім аясында қаралған. Бірақ, кінәні мойындау туралы мәміленің жасалу нәтижесінде үшінші тұлғалардың құқығы бұзылған», - деді сот алқасының төрағасы.