Қысқы Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар 19 жолдама алды

26 қаңтар, 2018 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қысқы Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар 19 жолдама алды FIS халықаралық шаңғы спорты федерациясы қазақстандық спортшылардың 19 жолдамасын бекітті. Бұл туралы һҰлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі хабарлады. 
 Қазақстанның шаңғы жарысынан жеті лицензиясы бар: ерлерде екеу, әйелдерде екеу, тағы үш жолдаманы бапкерлер штабы бөлетін болады.
Тау шаңғысы спорты бойынша қазақстандықтар екі жолдама ұтты — ерлер біреу, әйелдер біреу. Трамплиннен секіру бойынша ерлерге бір лицензия берілді. Фристайл-могул бойынша үш адамның лицензиясы бекітілді — екі ер адам және бір әйел адам. Кейінірек тағы бір олимпиада жолдамасының берілгені анықталды. Фристайл-акробатика бойынша бес лицензия бар – ерлерде біреу, әйелдерде төртеу.