Қысқы Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар 19 жолдама алды

Қысқы Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар 19 жолдама алды

Қысқы Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар 19 жолдама алды
ашық дереккөзі
FIS халықаралық шаңғы спорты федерациясы қазақстандық спортшылардың 19 жолдамасын бекітті. Бұл туралы һҰлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі хабарлады. 
 Қазақстанның шаңғы жарысынан жеті лицензиясы бар: ерлерде екеу, әйелдерде екеу, тағы үш жолдаманы бапкерлер штабы бөлетін болады.
Тау шаңғысы спорты бойынша қазақстандықтар екі жолдама ұтты — ерлер біреу, әйелдер біреу. Трамплиннен секіру бойынша ерлерге бір лицензия берілді. Фристайл-могул бойынша үш адамның лицензиясы бекітілді — екі ер адам және бір әйел адам. Кейінірек тағы бір олимпиада жолдамасының берілгені анықталды. Фристайл-акробатика бойынша бес лицензия бар – ерлерде біреу, әйелдерде төртеу.