Бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері қанша?

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері қанша?

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері қанша?
ашық дереккөзі
Биыл бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға,  18 880 т. – үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады", — деп жазылған хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін  жәрдемақыға 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінген. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден  (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға,  17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.
Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады. Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.