Жұмыссыздар еңбекпен қамтылды
Жұмыссыздар еңбекпен қамтылды
«Нұр Отан» партиясының Алматы облысы, Кербұлақ аудандық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының кезекті отырысына аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, партия белсенділері, бөлім басшылары және «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты.
Жиында «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауынан туындайтын маңызды міндеттерге бағытталған іс-шаралармен толықтырылды.
Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің партиялық қоғамдық қабылдау кестесі бекітіліп, депутаттық фракцияның, «Нұр Отан» партиясы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің, партиялық ішкі бақылау комиссиясының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарлары келісілді.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барысы туралы есебі тыңдалды.
Аталған бағдарлама аясындағы жұмыстарға 1629 адам қамтылып, олар тұрақты жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылып, оқуға жіберілген. Оның ішінде 251 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқудан өткеннен соң еңбекпен қамтылды.
Ауданда жұмыссыздыққа қарсы шаралар тұрақты әрі нәтижелі жүзеге асырылуда. Бұл бағытта партиялық «Сәтті қадам» жобасының ықпалы зор екенін де айта кеткен жөн.
Кербұлақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бозымбеков бюро отырысын қорытындылай келе, бүгінде ішкі және сыртқы интеграциялық байланыстардың күрделене түсуінен, қоғам тынысының жан-жақты дамуынан туындайтын талаптар партия жұмысын жаңғыртуды қажет ететіндігіне тоқталды. Үлкен үміт күттіретін жаңғырту үрдісіне әрбір партия мүшесі жоғары жауапкершілікпен атсалысып, белсенділік танытуы қажеттігін ескертті. Бюро отырысына енгізілген мәселелер толығымен қаралып, қаулы бірауыздан қабылданды.