Таңдауымыз – жаңашылдыққа бастайтын жол

Таңдауымыз – жаңашылдыққа бастайтын жол

Таңдауымыз – жаңашылдыққа бастайтын жол
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған «Мирас» өңірлік кеңесі отырысында Елбасы Жолдауы талқыланды. Кеңес жұмысы мәдениетті және өнерді дамыту, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту, тіл саясатын орындау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың салаларын талқылауға, ұсынымдарды қабылдауға бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар – қоғамдық пікір көшбасшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-дың басшылары Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының мәнін, маңыздылығын, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылады. – Кітапта Елбасы еліміздің жаңа тарихы мен болашағы туралы көзқарасын көрсеткен. Онда «Қазақстандық модель» дамуының, оның эволюциясы, негізгі қағидалары, механизмдері және қозғаушы күштері туралы айтылған. Кітапта Қазақстанды жаңғыртудың үш толқынын қарастыру мәселесіне баса назар аударылған, – деді аймақтық «Мирас» кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанованың айтуынша, «Кітапта Елбасының Жолдауымен байланысты жаңа технологияларды, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізудің маңызды басымдықтары белгіленген». Кездесуге қатысушылар жолдаудағы ауыл шаруашылығын қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша міндеттердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік саясатты іске асырудағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ерекше рөлі туралы айтылды. «Бұл бағдарлама – ел дамуының идеологиялық негізі. Бағдарлама негізгі құндылықтарды – халықтың бірлігін, тарихы мен мәдениетін және болашаққа ұмтылуды насихаттайды», ‒ деп атап өтті облыстық Қазақстан халқы ассам-блеясы хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын. Диалог форматында өткен кездесудің нәтижесінде, кеңестің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы ұсынылды. «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңеcінің кезекті отырысы да Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналды. Жиында сөз алған Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, аймақтық кеңес төрағасы Өмірзақ Зинуллин: «Елбасымыздың жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген. Біздің ендігі міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өміріне, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу. Жолдау еліміздің одан ары саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғырту жөніндегі бастамаларын жүйелейді. Он бағыт бойынша нақты тапсырмалар беріліп, негізгі басымдығы адамға, оның денсаулығы мен игілігіне байланысты белгіленген. Бұл тапсырмаларды еліміздің әрбір азаматына жеткізу қажет. Жолдаудың ерекшелігі – халқымыздың әлеуметтік мәселелерін жетілдіру, адам капиталын дамыту терең, мұқият қарастырылғандығында. Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын одан ары іске асыру жолдауда ерекше назарға алынған», – деді. Партияның Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев, Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-ның директоры Баязи Әбдешев, Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапхана басшысы Сара Ізмұхамбетова Елбасы жолдауындағы 10 бағыттың ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Ал Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Маржан Әнесқызы: – Әлемдік өркениетке жетудің бірден-бір жолы – терең білімділікте екенін үнемі назарда ұстап келе жатқан Елбасы өзінің жолдауында білім беру саласына зор назар аударып, адам капиталының жаңа сапасына қатысты «Адами капитал – жаңғыру негізі» тақырыбындағы жетінші бағытында білім беру саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді айқындап берді. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдетуді, негізгі басымдық өзгерістерге үнемі бейім болуды және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту қажеттігін атап көрсетті. Білім беру саласының барлық сатылары бойынша жаңашылдық пен өзгерістер нақтыланып, міндеттер айқындалды, – деп білім саласындағы жаңа бастамаларды жіктеп айтып жеткізді. Елбасы жолдауы туралы пікірлерден соң, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылауды бекіту туралы мәселе қаралды.