Бозымбаев: Жанармай құю бекеттеріндегі отынның сапасына біз жауап бермейміз

Бозымбаев: Жанармай құю бекеттеріндегі отынның сапасына біз жауап бермейміз

Бозымбаев: Жанармай құю бекеттеріндегі отынның сапасына біз жауап бермейміз
ашық дереккөзі
Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қыста алыс жолға шығатын жүргізушілерге жанар-жағармайдың сапасына аса жауапкершілікпен қарау керегін ескертті.  Министрдің айтуынша, егер аязда көлік от алмай қалса, оған дизелді отынның еш қатысы жоқ. Яғни ол сапасыз дегенді білдірмейді. Отынды климаттық жағдайға қарай қолдану керек. Егер жүргізуші Шымкент мұнай өңдеу зауытынының дизелін құйса, 25 градустан төмен температурада сыр береді. Яғни солтүстік өңірге жарамайды. Ол жаққа сараңдық танытпай, -40 градусқа төтеп беретін жанармай құю керек. "Бензиннің сапасы күмән туғызады дегенді естіген емеспін. Қазір бізде сапа өте жоғары. Қазіргі уақытта Қазақстанда К4, К5 класты сапалы жанар-жағармай өндіріледі. Биылдан бастап оның  К2 класын шығаруға тыйым салынды. Бұл отынның қалған қоры сәуір-мамыр айларында бітеді. Ал жанармай құю бекеттерінде сатылатын отын сапасы үшін біз жауап бермейміз", - дейді Қанат Бозымбаев. ведомство басшысының айтуынша, биыл елімізде өндірілген бензиннің  90 пайызын өзіміз пайдаланамыз. 10 пайызы экспортқа шығарылады. Былтыр зауыттарда 15 млн тоннаға жуық мұнай өңделген. Биыл одан бір млн тоннадан астам артық өңделмек. Осы жылы да мұнай өңдеу зауыттары жоспар бойынша жөндеуден өткізіледі. «Былтырғыдай 30-40 күнге тоқтамайды, 15-20 күннің ішінде қайта іске қосылады», – деді министр. Сондай-ақ, министр Қазақстанның мұнай мұнай-химия зауыттары әуе компанияларының сұранысын 70 пайыз орындауға мүмкіндігі бар екендігін  айтты.