19 Қаңтар, 17:48 130 0 Заң Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Электронды алаңда сауда жасайтындар табыс салығынан босатылды

Қазақстанда электронды алаңда сауда жасайтындар табыс салығынан босатылды.1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа салық кодексі Қазақстанда электронды алаңда сауда жасайтындарды табыс салығынан босатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қазақстан Ирландиямен арадағы қосарланған салықты болдырмау конвенциясын ратификациялады «Бүгінгі таңда әлеуметтік желі арқылы сауда жасай алатын адамдар электронды алаңға өте алады. Сол кезде табыс салығын төлемей-ақ қоюға болады. Электрондық алаңның өзі жеткілікті. Жеңілдіктерді алудың шарты: сауданы электрондық түрде рәсімдеу болып табылады. Сонда тауар төлемі қолма-қол төлемсіз жүргізіледі. Электрондық сауда табысы жылдық жиынтық табыстың 90 пайызынан кем болмауы керек», - дейді Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов. Сонымен қатар, вице-министр санкциялар мен бақылауларға қарсы екендігін жеткізді. «Егер кәсіпкерлік дамып жатса - бұл әлбетте, жақсы. Бірақ, қай жерден табыс тапса да, қазақстандық салық жағын да ұмытпауы керек. Бұл талаптарды көзге ілмеу салықтан жалтару болып табылады. Біздің тапсырмамыз - ұстау емес, түсіндіру», - дейді Руслан Дәленов. Еске сала кетсек, жаңа салық кодексі 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енген болатын.

Соңғы жаңалықтар