Елбасы Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға байланысты Мирзиёевке көңіл айтты

Елбасы Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға байланысты Мирзиёевке көңіл айтты

Елбасы Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға байланысты Мирзиёевке көңіл айтты
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.    Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.
"Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін",-делінген жеделхатта. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.