Қымбат көлікпен Ақорда қақпасын соққан полицейлер қызметінен қуылды

Қымбат көлікпен Ақорда қақпасын соққан полицейлер қызметінен қуылды

Қымбат көлікпен Ақорда қақпасын соққан полицейлер қызметінен қуылды
ашық дереккөзі
Porsche көлігімен Ақорда қақпасына көлікпен соғылған ішкі істер қызметкерлері жұмыстан қуылды. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметіне хабарлады. «Қаңтардың 16-нан 17-не қараған түнінде болған жол-көлік оқиғасына байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Астана ІІД ӘПБ арнайы батальонының инспекторы, полиция лейтенанты  Е. Иманбеков Достық көшесімен келе жатып көктайғақта рульге ие бола алмай қақпаның тіреулеріне соғылған. Жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ІІД. Ведомство мәлімдегендей, оқиғаға кінәлі Е Иманбеков пен оның бастығы взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов ҚР ішкі істер органдары қызметінен босатылды. Сонымен қатар, ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын нашар жүргізгені үшін аталмыш бөлімнің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. ІІД ақпаратына сәйкес, 17 қаңтар күні сағат 03.20 шамасында Астана ІІД ӘПБ арнайы батальонының инспекторы, полиция лейтенанты  Е. Иманбеков мас күйінде мемлекеттік нөмірі 420 ULA 01 Porsche Cayenne көлігін басқарып келе жатып Ақорда резиденциясы қақпасының тіреуіне соғылған. Көлікте взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов (машина иесі) болған. Ол оқиға орнынан бой тасалаған.