Алматыда 5 адам Үндістаннан безгек жұқтырып келген

Алматыда 5 адам Үндістаннан безгек жұқтырып келген

Алматыда 5 адам Үндістаннан безгек жұқтырып келген
ашық дереккөзі
Өткен жылы Алматының 5 тұрғыны шетелден безгек пен тырысқақ жұқтырып келген. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары құлағдар етті.  «Былтыр Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Бірақ сырттан вирус жұқтырып келу жағдайлары тіркелді. Үндістаннан 5 адам тырысқақ жұқтырып келген. Тағы 1 адам Шығыс Африканың Танзания елінен безгек ауруын алып келді», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова. Оның айтуынша, науқастар елге оралғаннан кейін бірден санэпидемиологтар қажетті шаралар жасаған. «Дер кезінде зарарсыздандырудың нәтижесінде безгек пен тырысқақтың таралу оқиғасы болмады», - деді ол.