АҚШ-та бала тәрбиесіне 245 мың доллар жұмсалады

АҚШ-та бала тәрбиесіне 245 мың доллар жұмсалады

АҚШ-та бала тәрбиесіне 245 мың доллар жұмсалады
ашық дереккөзі

Америкалық отбасылардың балаларын күтуге (туылғаннан 18 жасқа толғанға дейін) жұмсалатын шығындары жылдан жылға артып келеді. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (U.S. Department of Agriculture, USDA) өткізген зерттеуге сәйкес, орташа америкалық отбасы 2013 жылы туылған сәбиді күту үшін орта есеппен 245,340 мың доллар жұмсайды. Бұл сома тамақтандыруды, тұрғын үй төлемдерін, күтім мен білім беруді қамтиды. Сондай-ақ бұл есепте ананың жүкті кезіндегі шығындар және баланың жоғары білімі үшін алынатын төлем ескерілмеген. Инфляцияны (орташа деңгей — 2,4%) ескеріп алғандағы шығын — бір балаға 304 мың доллар жұмсалынады.

Баланы күту тұрғысынан қарағанда ең қымбат аймақтар — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы қалалар, мұнда инфляцияны ескермегенде отбасы шамамен 282,480 мың доллар жұмсайды. Ал елдің оңтүстік аймағында қалалы жерде баланы тәрбиелеп шығару үшін орта есеппен $283,61 мың жұмсалса, ауылда — 193,590 мың доллар кетеді. Жалпы, балаларға кететін мемлекеттік шығынды есепке алу бұл лде ертеден қалыптасқан. Тарихқа сүйенсек, 1960 жылы туылған балаларды күту үшін америкалық ата-ана жалпы алғанда 25,230 мың доллар жұмсаған. Осылайша 1960 жылдан бері АҚШ осындай деректерді есепке тіркеп отыратын болған. Тағы бір айта кетерлігі, 60 –шы жылдағы бала күтіміне кететін қаражат соңғы уақыттарда 9 есеге артқандығы анықталып отыр.