"Реал" Неймарды сатып алу үшін Роналдудан бас тартуға әзір

"Реал" Неймарды сатып алу үшін Роналдудан бас тартуға әзір

"Реал" Неймарды сатып алу үшін Роналдудан бас тартуға әзір
ашық дереккөзі
Мадридтік «Реал» бразилиялық шабуылшы Неймарды қатарларына қосу үшін француздық ПСЖ клубына Криштиану Роналдуды беруге дайын, – деп хабарлайды 24.kz. Арна сілтеме жасап отырған дереккөздің мәліметі бойынша, «Реал» президенті Флорентино Перес Неймарды сатып алу үшін ПСЖ-ға Роналдуды және оның үстінен тағы ақша беруді ойластырып отыр. Трансфер шілде айында әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін болуы мүмкін. Неймар жазда «Реалдың» басты трансферлік мақсаты болады екен. Мадридтік клуб бұл шабуылшыны 2017 жылы сатып алғысы келген. Бірақ «Барселонадан» тікелей сатып ала алмады. Бұған дейін БАҚ «Реал» Неймар үшін 500 миллион еуроға шығындалуға дайын екенін жазды. Ал өткен жазда ПСЖ бразилиялық шабуылшыны 222 миллион еуроға сатып алып, трансферлік рекорд орнатты. 32 жастағы Роналду «Реал» сапына 2009 жылы 93,4 миллион еуроға «Манчестер Юнайтед» клубы сапынан ауысып келген еді. Бұл кезде аталған қаржы әлем футболындағы рекордтық көрсеткіш болып тіркелді.