Жаңалықтар

Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі енгізілді

ашық дереккөзі

Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі енгізілді

Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі енгізілді Қазақстанда Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Әділет министрлігі. «Қазақстан Республикасының заңнамасын электронды түрде шоғырландыру және оны эталондық әрі анықтамалық ақпарат түрінде ұсыну мақсатында Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі (БҚАЖ) енгізілді. Ол үшін Нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесі мен «Әділет» жүйесі біріктірілді», - делінген хабарламада. Бірыңғай жүйенің функционалдық мүмкіндіктері қажетті құжаттарды осы ақпараттық жүйелердің қайсысынан болса да іздеу мүмкіндігін береді. «Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесінің іске қосылуына байланысты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интерфейсіне өзгеріс енгізілді және қолдану мүмкіндіктері арттырылды. Тіркелген пайдаланушылардың нормативтік-құқықтық актілердің мәтініне пікір білдіруіне және бағалауына жол ашылды», - деп көрсетіледі хабарламада. Жүйеге zan.gov.kz белгісі арқылы кіруге болады.