Өзбекстанда жаңа төлқұжат 2019 жылы жарық көрмек
12 қаңтар, 2018 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Өзбекстанда жаңа төлқұжат 2019 жылы жарық көрмек
Өзбекстанда жаңа жеке куәлік пен төлқұжат 2019 жылы жарық көрмек. Өзбекстанда 2019 жылға қарай жалпыхалықтық төлқұжаттың орнына идентификациялық карталар (ID-карта) пайда болмақ.
Өзбекстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа шетелге шығу төлқұжаты енгізіледі. Ал идентификациялық карталарды мемлекет ішінде қолданады.
ІІМ жанындағы Миграция және азаматтықты реттеу жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, полковник Улугбек Ташходжаевтың сөздерінше, ID-карталарды енгізу әзірге қиындық туғызып жатыр.
«Қазіргі кезде біз жаңа шетелге шығатын төлқұжат әзірлеп жатырмыз. Президенттің бұйрығы бойынша, 2019 жылдың 1-қаңтарында пайдалануға берілуі тиіс», –деп атап өтті ол брифингте.
ІІМ өкілінің айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылған. Онда олар әзірге шетел тәжірибесін зерттеп жатыр.