Қазақстанда туристік сақтандыру қоры құрылмақ

Қазақстанда туристік сақтандыру қоры құрылмақ

Қазақстанда туристік сақтандыру қоры құрылмақ
ашық дереккөзі

Қазақстанда туристерді қорғауға арналған арнайы сақтандыру қоры құрылуы мүмкін деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігінің туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев. «Арнайы сақтандыру қорын құруды қарастыратын түзетулерді енгізу жоспарланып отыр.

Егер қандай да бір стандартты емес жағдайлар болған жағдайда, бұл қор біздің азаматтарымыз аман-есен үйлеріне қайтуына кепіл болады», — деп мәлімдеді Т.Дүйсенғалиев. Бұған қоса, биыл мемлекеттік органдар туроператорларға қойылатын талаптарды қатаң ету қажеттілігі туралы сауалды қайтадан көтеріп отыр.

Бұл жөнінде: «Туроператорлар мен туристік агенттіктерді сақтандыруға қатысты шаралар қабылданатын болады. Қазіргі таңда туристік агенттіктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілік бойынша максимал сақтандыру төлемі — 3 млн теңге. Бұл сомма көп жағдайда залалды толық өтемейді, және бұл тұста да атқарылатын жұмыстар көп. Заң жобасы дайын. Қазір біз осы жобаны мүмкіндігінше осы жылы қабылдау бағытында жұмыс жасап жатырмыз», — деді Т.Дүйсенғалиев.