Польша президент Качиньский ұшағындағы апатты теракт деп атады

Польша президент Качиньский ұшағындағы апатты теракт деп атады

Польша президент Качиньский ұшағындағы апатты теракт деп атады
ашық дереккөзі
Польша қорғаныс министрлігі комиссиясы 2010 жылдың Смоленск түбінде болған Ту-154М бортындағы апатты жарылыс деп атады. Ұшақтың ішінде Польша президенті Лех Качиньский де болған. Ол апат кезінде қаза тапты. Авиация апаттарын зерттейтін сарапшы Фрэнк Тейлордың есебін негізге алып, комиссия ұшақтың сол қанаты іштегі жарылыс салдарынан қираған деген шешімге келді. Детонация көздері бірнеше жерден орын алған. Сол қанаттың қирауы лайнер құлаған кезде ағашпен соғылу салдарынан орын алмаған. Польша осыған дейін де Ту-154М бортына мина қойылған деп келді. Бірақ Ресейдің Тергеу комитеті мұны теріске шығарып келген. 2010 жылдың 10 сәуірінде Смоленск түбінде Ту-154М борты апатқа ұшырап, 96 адам қаза тапты. Олардың ішінде Польша президенті Лех Качиньский де болған. Қайғылы оқиғаны тергеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр.