Н. Назарбаев: Ауыл шаруашылығынан түсетін пайда мардымсыз

Н. Назарбаев: Ауыл шаруашылығынан түсетін пайда мардымсыз

Н. Назарбаев: Ауыл шаруашылығынан түсетін пайда мардымсыз
ашық дереккөзі

«Агробизнес-2020″ бағдарламасы аясында Қазақстанның азық-түлік секторына 16 млрд доллар қаржы жұмасалады. Бұл туралы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Агробизнес-2020″ бағдарламасы іске асырылуда, осы бағдарлама аясында азық-түлік секторына 16 млрд теңгеден астам қаражат инвестицияланады. Біздің еліміз үшін бұл аз емес. Соңғы төрт жылдың өзінде мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне 5 млрд доллардан астам инвестиция құйды», — деп мәлімдеді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда бар мүмкіндіктің тек аз ғана үлесі пайдаланылып жатыр.

«Аграрлық сектор елдің экономикалық өсімінің және экономикамызды әртараптандырудың драйвері атанбады. Өнім импорты соңғы бес жылда 45%-ға, 4 млрд долларды қамтып отыр. Тұтынылатын сырдың жартысы, құс еті, шұжық өнімдері және кілегей майы сырттан әкелінеді. Бұл нашар сипаттама. Аталған өнімдердің барлығы Қазақстанда шығарылады. Енді өндірісті арттыру, өңдеу, сөрелерге шығарып, оларды осында сату керек. Осындай бизнес туралы армандауға болады ғой: өнімді өндіретін, өңдейтін және сатып, ақша алатын жер бар», — деп есептейді Н.Назарбаев.

Н.Назарбаев астықтық жалпы көлемінің тек 1%-ы макарон өнімдерін шығаруға бағытталатынын атап өтті. Президенттің пікірінше, Қазақстан өз брендтік өнімінің өндірісі мен экспортын кеңейте алады. Атап айтқанда, Н.Назарбаев Ресейге ет өнімдерінің экспортын арттырып, көрші елдің негізгі жеткізушісі Латын Америкасын ысыруды ұсынды. Сонымен қатар Н.Назарбаев агроөнеркәсіп кешенінің ел экономикасына қосып жатқан үлесіне көңілі толмайтындығын білдірді. «Көмекқаржы көлемі 150 млрд теңге, ал аграрлық кешеннен болатын түсім — 27%. Мұндай бизнес жарамайды.

Ауыл шаруашылығына аз қаражат жұмсалып жатқан жоқ, жұмыстар жүргізілді, бірақ атқарар істер әлі көп. Ел экономикасының ірі бөлігі бола тұра, ауыл шаруашылығы ел табысының мардымсыз бөлігін қамтамасыз етуде», — деп есептейді мемлекет басшысы. Президент ауыл шаруашылығы салаға тиімсіз салынған шетелдік инвестиция есебінен өсіп, бір қалыпта тұрғандығын айта кетті. «Осы туралы ойланғанда, экономикамыздың алып секторы нашар жағдайда қалып қойғандығына күйінемін», — деді Н.Назарбаев.