11 Қаңтар 2018, 10:43 321 0 Жаңалықтар Әсел ӘНУАРБЕК

Ақтөбелік полицей мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікке ілінді

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арнаның хабарлауынша, күдікке ілініп, қолға түскен азамат Мәртөк аудандық  Ішкі істер бөлімінің бастығы. Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып беріпті.

Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алғандығын хабарлаған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты. Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия салақ басшының мемлекетке келтірген шығынын 22 миллион теңге деп отыр. Бұрынғы әйелі ұстап берген Лазаревті енді қазіргі азаматтық некеде тұрған жары қорғаштап әлек. Оның айтуынша, ІІБ басшысына бұрынғы жары күн көрсетпейді екен. Екеуінің жанжалдасып жүргеніне 3 жылға жуық уақыт болыпты. Айта кетейік, мемлекеттік құпияны әйелінен жасыра алмаған полицейдің зейнетке шығуына жеті жыл қалған екен.

Соңғы жаңалықтар