Трамп пен Назарбаев кездесуінде не талқыланады?

Трамп пен Назарбаев кездесуінде не талқыланады?

Трамп пен Назарбаев кездесуінде не талқыланады?
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп хабарлады Ақ үй.
9 қаңтарда Ақ үй таратқан хабарламада «екі елдің лидері аймақтық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселесінде стратегиялық әріптестіктің кеңеюі мен нығаюын талқылайды» делінген. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) Қазақстан елшісі Қайрат Омаров 1 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ай сайынғы ротациялы жаңарып тұратын төрағалықты қабылдады. Оның бақылауында Ирандағы наразылық акциялары мен өзге де мәселелер өтті. Ақ үй Трамп пен Назарбаев кездесуінде Ауғанстандағы жағдайдың да сөз болатынын айтты. 9 қаңтарда Назарбаев Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездескен. Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 500 компания жұмыс істейді. Оның 140-ы бірлескен кәсіпорын. Олар тауар өндіріп, оны экспорттаумен айналысады.