Үстел үстінде ұйықтап қалған қырғызстандық шенеунік қызметінен қуылды

Үстел үстінде ұйықтап қалған қырғызстандық шенеунік қызметінен қуылды

Үстел үстінде ұйықтап қалған қырғызстандық шенеунік қызметінен қуылды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда Ұлттық статистикалық комитеттің басшылығы мемлекеттік статистика Ноокат аудандық бөлімінің жетекшісі Расулбек Ташовты қызметінен алды. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметтік зерттеудің қорытындысы бойынша, «Мемлекеттік азаматтық және муниципалды қызмет жөніндегі» заңның «жұмысқа мас күйінде келу» деген 47-бабы бойынша шенеунікті қызметінен босатқан. Расулбек Ташовтың орынбасары Шайырбек Арапов та жұмыстан босатылған. 9 қаңтарда Расулбек Ташовтың жұмыс бөлмесінде екі адамның үстел үстінде ұйықтап жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Үстелде арақтың бос бөтелкелерін көруге болады. Бірқатар БАҚ ұйықтап жатқан адам Ноокат аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы деп жазды. Бірақ Ош облысының ішкі істер басқармасы бұл ақпаратты терістеді. Расулбек Ташов Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұхбатында бұл видеоны президенттік сайлаудан кейін қарсыластары өзін қаралау мақсатында түсіргенін айтады. - Мен бұл күні тек шырын іштім. Менің жауларым шырынға димедрол қосыпты. Видеоны мені қаралау мақсатында түсірген. Мен арақ ішпеймін, - деді Ташов.