Түрік еліндегі төтенше жағдай 3 айға ұзартылды
Түрік еліндегі төтенше жағдай 3 айға ұзартылды
Түркия Республикасы елдегі төтенше жағдайды тағы 3 ай мерзімге ұзартады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздактың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздактың айтуынша, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен, үкіметтің алдағы отырысында қаралады.
Атап өту керек, Түркияда 2016 жылы болған төңкеріс әрекетінен кейін, төтенше жағдай жарияланып, парламенттің мақұлдануымен ол әр 3 ай сайын 5 мәрте ұзартылды. Сол үшін еуроодақ пен Түріктің оппозициялық партиялары ресми Анкараны демократиялық құндылықтарға қайшы әрекет етіп жатқаны жөнінде сын таққан. Алайда түрік үкіметі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғап, террорлық ұйымдарға қарсы белсенді күрес жүргізу үшін осындай батыл шаралар қабылдау қажет деп түсіндіреді.
«Төтенше жағдай тағы 3 ай мерзіміне ұзартылады. Әрине ол үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұсыныс білдіріп, үкіметтің кеңейтілген жиынында қаралуы тиіс. Бұл мәселе алдымыздағы отырыстың күн тәртібіне енгізілген», – дейді Түркия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздак.