Әлихан Бөкейханов есімін университетке беруді құптайсыз ба?

Әлихан Бөкейханов есімін университетке беруді құптайсыз ба?

Әлихан Бөкейханов есімін университетке беруді құптайсыз ба?
ашық дереккөзі
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біріне көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың есімін беру ұсынылды.
Ұсынысты Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi саясаттану кафедрасының доцентi, PhD докторы Жақсылық Сәбитов жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалар әлi күнге дейiн өз деңгейiнде бағасын алған жоқ. Мәселен, сондай тұлғалардың бiрi – Әлихан Бөкейханов. Келесi жылы бiз оның 150 жылдығын атап өтемiз», – дейді саясаттанушы ғалым.
Әлихан Бөкейханов алғашқы Алашорда автономиялы үкіметінің (1917 ж. желтоқсан) тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланған тұлға. Қазақ ұлттық "Алаш" партиясын құрушылардың бірі және алғашқы партия төрағасы.
1937 жылы 27 қыркүйек күні Мәскеуде атылған. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
«Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алашорданың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан адам. Оның есiмi бiрде-бiр университетке берiлген жоқ. Бұл – менiңше, өте үлкен олқылық», – дейдi саясаттанушы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.