Жаңалықтар

Қалың жауған қар Джон Кеннеди әуежайының жұмысын шектеді

ашық дереккөзі

Қалың жауған қар Джон Кеннеди әуежайының жұмысын шектеді

Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайының диспетчерлері әуе айлағына келетін ұшақтарға шектеу қойып жатыр. Себебі 4 қаңтарда жауған қалың қардан әуежайдағы жұмыс тоқтап, жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету мүмкіндігі шектелген.  Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  «Әуежайға келетін ресйстердің санын шектеу үшін Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарының әуе және теңіз порты басқармасы АҚШ Федералдық авиациялық басқармасымен бірлесе жұмыс істеуде. Бұл шара қажетті секциялар толық ашылғанша жалғасады», деп жазды  Нью-Йорк штатының әкімшілігі өздерінің Twitter парақшасына. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі хабарлағандай, әуежай аймағында ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендеген. Сенбі күні әуежайда 78 рейс тоқтатылып, 375 рейс кейінге қалдырылды.