Босанғандарға төленетін бір реттік жәрдемақы өсті

Босанғандарға төленетін бір реттік жәрдемақы өсті

Босанғандарға төленетін бір реттік жәрдемақы өсті
ашық дереккөзі
Босанғанда төленетін бір реттік жәрдемақы декреттік демалысқа дейін жұмыс істеген, істемегеніне қарамастан барлық босанған аналарға тағайындалады, деп жазады altaynews. Бұл жәрдемақы мемлекеттік бюджеттен төленеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуына байланысты алты пайызға өсетін болады. «Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» департаменті мамандарының мәліметіне сүйенсек, аталмыш жәрдемақының мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Яғни, 2018 жылғы мөлшері - 91390 теңге. Төртінші және одан кейінгі балаларға 63 айлық есептік көрсеткіш, бұл дегеніміз 151515 теңге. Дүниеге егіз немесе үшем келсе, жәрдемақы әр балаға төленеді.