Үйінің бір бөлмесін казиноға айналдырған қызылордалық ұсталды

Үйінің бір бөлмесін казиноға айналдырған қызылордалық ұсталды

Үйінің бір бөлмесін казиноға айналдырған қызылордалық ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотында ойын бизнесін заңсыз ашқан азаматқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сот материалдарына сәйкес, Ж. есімді азамат бір үйдің пәтерін жалдап, сол жерде заңсыз ойын бизнесін ашқан. Тергеу кезінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады. «Сот үкімі бойынша Ж. Қылмыстық кодекстің 1-бабы, 307-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 500 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 134 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - делінген соттың ресми хабарламасында. Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес, айыппұл төленбесе, әрбір 4 АЕК бір күнге түрмеге қамау шарасымен ауыстырылады. Бұл дегеніміз, Ж. айыппұлды төлемеген жағдайда 4 айға бас бостандығынан айырылады.