Lufthansa, Air Arabia мен Қытай рейстері Алматыда бөгелді
Lufthansa, Air Arabia мен Қытай рейстері Алматыда бөгелді
Алматы әуежайында 9 әуе рейсі уақытынан кешікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда көлік құралдарын тіркеудің ережелері өзгерді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшу кестесіндегі кідірістер бортсерік жіберген қателіктен, ұшақтың кешігіп келуінен, ауа райының қолайсыздығынан болды. «Қазіргі таңда Алматы әуежайында вертикалды көрініс 180 м болса, горизонталды көрініс 3 200 метр болып тұр. Ұшақтарды қабылдау мен ұшыруға шектеу жоқ», - деді баспасөз қызметінен. Атап айтқанда, Air Astana әуекомпаниясының: КС877 Алматы-Атырау (Техникалық себеп) КС998 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі) КС909 Алматы-Сеул (Техникалық себеп) КС889 Алматы-Атырау-Амстердам (Бортсеріктің жіберген қателігі) Scat әуекомпаниясының: DV735 Алматы-Cемей (Әуежайдағы метеожағдайдың қиындауы) Вek Air әуекомпаниясының: Z9 2025 Алматы-Ақтау (Ұшақты ауыстыру) China Southern Airlines әуекомпаниясының: CZ6012 Алматы-Үрімжі (Ұшақтың кешігіп келуі) Lufthansa әуекомпаниясының: LH647 Алматы-Франкфурт (Ұшақтың кешігіп келуі) Air Arabia әуекомпаниясының: G9 254 Алматы-Шарджа (Техникалық себеп) рейстері бөгелді.