Жаңалықтар

Семейдегі бұрынғы полигон аумағында жабайы аң-құс көбейе бастады

ашық дереккөзі

Семейдегі бұрынғы полигон аумағында жабайы аң-құс көбейе бастады

Семейдің бұрынғы ядролық сынақ алаңы аумағында жануарлар көбейіп келеді, деп хабарлайды 24.kz. Бұған дейін Дегелең тауында 60 жыл бұрын жоғалып кеткен арқарлардың пайда болғаны жөнінде хабарланған. Енді міне киіктер мен еліктер де еркін жайылып жүр. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталық мамандары мәлімдеп отыр. Жануарларды полигон аумағына орнатылған «фототұзақ» түсіріп алған. Олардың нақты саны әзірге белгісіз. "Біз бұрынғы полигон аумағында түлкі, борсық, бұғы сияқты аңдарды жиі көріп тұрамыз. Арқарлар негізінен тауда жайылса, қалғандары кең даланы кезіп жүре береді. Қалай болғанда да кешегі жойқын жарылыстар мекеніне жануарлар келіп жатқаны – жақсылықтың нышаны", - ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жетекшісі Сергей Лукашенко.