Курчатовта Абайдың қара сөздері жазылған саябақ ашылды

Курчатовта Абайдың қара сөздері жазылған саябақ ашылды

Курчатовта Абайдың қара сөздері жазылған саябақ ашылды
ашық дереккөзі
Курчатов қаласында Абай саябағы ашылды. Онда ұлы ақынның жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге үндейтін қара сөздері жазылған, деп хабарлайды Altaynews.
Саябақтың құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 18 миллион теңге бөлінген. Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Алексей Глазинскийдің айтуынша, алдағы уақытта мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. «Бұл жер қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналады. Биыл көктемде саябаққа ағаштар отырғызып, жасыл желекке айналдыруды жоспарлап отырмыз. Болашақта қаланы көркейту үшін бірқатар шаруа атқарылмақ», – дейді Алексей Глазинский.