ISAF – қауіпсіздік кепілі
ISAF – қауіпсіздік кепілі
Төтенше жағдай, өрт, күзет пен қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігіне қатысты өнімдер ұсынылатын халықаралық көрме – ISAF биыл ауқымын кеңейтеді. Жыл сайын қатысуға мүдделі кәсіпорындар саны артып келе жатқан шара Қазақстандағы тауар өндірушілерді де шақырып отыр.
Қыркүйектің 17-20-сы аралығыда Түркиядағы аса ірі көрмелердің бірі – ISAF өткізіледі. Күзет пен қауіпсіздік саласына арналған шараның ұйымдастырылатын орны – Стамбұл қаласы. Алғаш рет 2012 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен серіктестерін жинайтын ISAF бүгінде халықаралық кәсіпорындардың сеніміне кіріп үлгерген. Қазір аталған саладағы 65% мекеме өзіне керектіні осы көрмеден табады. 2015 жылы өрт, төтенше жағдай, іздеу және құтқару қызметі, еңбек қауіпсіздігі т.б. мәселелерге көңіл бөлетін ISAF өзіне жаңа серіктестер іздейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылар мен орын көлемі 30%-ға ұлғаймақ. Былтыр көрмеге қатысуға құлшынған бірнеше компания жер тапшылығына байланысты қатыса алмаған. Биыл осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырушылар орын ауқымын кеңейтті.
Шарада өз өнімдерін көрсетуге мүдделілердің арқасында ISAF 2011 жылы жағдайды күрт өзгерткен. Көпшілікке ұсынылған жаңа тауарлардың арқасында инновациялық өнімдер саны артқан. Бұл бәсекелестікке төтеп беруге сеп болды. Серіктестік пен ынтымақтастықты арттыра отырып, бірге дамуды көздейтін ISAF Қазақстандағы тауар өндірушілерді де бірге жұмыс істеуге шақырып отыр.