Өткен жылы елімізде инфляция деңгейі 7,1 пайызға жетті

Өткен жылы елімізде инфляция деңгейі 7,1 пайызға жетті

Өткен жылы елімізде инфляция деңгейі 7,1 пайызға жетті
ашық дереккөзі
2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1 пайызды құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.  Комитеттің дерегінше, өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына 6,5, азық-түлік емес тауарларына - 8,9, ақылы қызметтерге - 5,9 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың басынан (2017 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 28,7, тәтті бұрышқа - 28,6, басты пиязға - 28,2, сәбізге - 19,3, сиыр етіне - 15,3, қой етіне - 14,1, консервіленген сүтке - 11,6, сары майға - 11,3, кондитерлік өнімдерге - 10,7, мәйекті ірімшікке - 10,3, жылқы етіне - 9,8, жаңа ауланған балыққа - 9,4 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 28, сарымсаққа - 25,6, қантқа - 19,5, қызанаққа, жұмыртқаға - 16, қиярға - 12,5, күнбағыс майына - 9,9, қырыққабатқа - 5,2 пайызға тіркелді. Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 10, автомобильдерге - 9,2, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,9, кітаптарға, киім және аяқ киімге - 8, тоқыма бұйымдарына - 7, фармацевтикалық өнімдерге - 6,6, газеттер мен журналдарға - 6,5, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 6,3, жеке қолданатын тауарларға - 6,2, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 5,8, тұрмыстық аспаптарға - 5,5 пайызды құрады. Дизель отыны 31,8, бензин - 17,6, тас көмір - 17,4, баллондағы сұйытылған газ - 8,6 пайызға қымбаттады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,9, құқықтық - 7, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 6,9, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8, қонақ үйлер - 6, қоғамдық тамақтандыру - 5,8 пайызға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 9,6, қалааралық - 7,1, жолаушылардың әуе көлігімен - 4,6, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен - 0,2 пайызға артты. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 11,4, ыстық суға - 10,9, орталықтан жылытуға - 9,9, кәрізге - 9,1, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 7, суық суға - 5,1, электр энергиясына - 5 пайызға жоғарылады.