Қытай ағылшындардың қоқысын қабылдауды тоқтатты

Қытай ағылшындардың қоқысын қабылдауды тоқтатты

Қытай ағылшындардың қоқысын қабылдауды тоқтатты
ашық дереккөзі
ҚХР Ұлыбританияның қайта өңдеу үшін жыл сайын жіберетін 500 мың тонна пластик қоқысын қабылдауды тоқтатты. ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Британия қоқыстарды қайта өңдеу қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде биліктің бұл түйткілді реттеуге шамасы жетпейді. «Бұл бізге берілген ауыр соққы болды. Көп уақыт бойы Қытайға иек артып келдік, олар біз шығаратын қағаз қоқыстардың 55%-ін, пластиктің 25%-ін өңдейтін еді», - дейді Қауымдастықтың атқарушы директоры Саймон Эллин. 2018 жылғы қаңтардан бастап Қытай ел экономикасын жаңғырту бағдарламасы аясында шетелден қоқыс әкелуге тыйым салған болатын.