«Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті
«Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті
Бүгін Алматы қаласы Алатау аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шара барысында Алатау аудандық сотының судьясы Ж.М.Абдрахманова «Сот кабинеті» қызметі шеңберінде, сенімхат сенім білдірушінің электорондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат нысанында сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленгенін және іске қосылғанын, мұндай жағдайда нотариустың қызметіне жүгіну қажеттілігі болмайтынын нақты ашып көрсетті. Сонымен қатар, аталған сенімхат бір іске қатысты берілетіндігін, сенімхаттың күші іс бойынша сот актісі заңды күшіне еніп, сот актісі орындауға берілгенше ғана шектелетіндігін түсіндіріп өтті.