Mega Silk Way басшысы заңсыз намазхана ашқаны үшін жазаланды
Mega Silk Way басшысы заңсыз намазхана ашқаны үшін жазаланды
Астанадағы ең танымал ойын-сауық орталығының басшысына орталықта заңсыз намазхана ашқаны үшін айыппұл cалынды. Бұл туралы Астана қаласына қарасты соттың баспасөз өкілі хабарлады.
Орталықты тексеру жұмыстары қараша айының басында жүргізілген. Сол кезде ойын-сауық орталығында құлшылық етуге арналған намазхана еш рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды.
«Намазханада жергілікті басқарушы органымен келісілмей жатып құлшылық ету жоралғылары жасала берген. Бұл дегеніңіз ҚР «Діни ұйымдар мен олардың жұмысы» бойынша заңға бағынбаушылық»,-делінген хатта.
Бұл мәселе Астана қаласына қарасты мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сотта орталық өкілі заңды бұзғандарын мойындап, айыппұл көлемін азайтуды сұрады. Қазір орталық басшылығы жергілікті биліктің рұқсатымен намазхананы қайта іске қосқан.
Намазхана ашпас бұрын заңды оқып, жергілікті биліктің рұқсатын алмаған кәсіпкер енді 300 мың көлемінде айыппұл төлейтін болды.