Жаңалықтар

Мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері қамалды

ашық дереккөзі

Мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері қамалды

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің екі қызметшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Мәліметке сүйенсек, ішкі қауіпсіздік ведомствосының басқарма қызметкерлері Алматы МКД экономикалық тергеулер қызметінің екі қызметшічсін ұстаған. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілініпті. Тергеу барысында анықалғандай, биыл қазан айында олар өздерін экономикалық тергеулер қызметінің өкілдеріміз деп таныстырып, заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданды деген айыппен жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, алаяқтық жолмен 10 мың доллар иемденген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.