Тараз әуежайы неге жабылды?

Тараз әуежайы неге жабылды?

Тараз әуежайы неге жабылды?
ашық дереккөзі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз әуежайы уақытша жабылды. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы жазбада: «Тараз қаласының әуежайы 27 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 05:00-де қолайсыз ауа райына байланысты уақытша жабылды. Қазіргі кезде әуежайда желдің жылдамдығы секундына 25 метрге, екпіні 28-30 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ ұшу-қону жолағына 5 мм мұз қатқан. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ішкі рейстер тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды», - делінген. Жолаушыларға әуе компанияларына телефон соғып, өз рейстерін алдын ала анықтап алу жөнінде кеңес берілді.