Қырғызстан және Қазақстан президенттері шекараны демаркациялау жөнінде келісімге қол қойды
Қырғызстан және Қазақстан президенттері шекараны демаркациялау жөнінде келісімге қол қойды
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау жөнінде және бірқатар бірлескен келісімге қол қойды.
Жээнбеков Қырғызстан мен Қазақстан демаркациялау жөніндегі келісімге қол қойып, шекара мәселесіне заңды түрде нүкте қойылды деп мәлімдеді. Оның сөздерінше, екі ел арасындағы шекара өзара тиімді ынтымақтастық пен сенім қақпасы болады.
«Біздің арамызда жатқан шекара тек формальды болуы тиіс, ал біздің халық еш кедергісіз өтуі тиіс. Біз шын мәнінде бауырлас халықпыз. Қазақ пен қырғыздан асқан туған әрі жақын халық жоқ», - деп атап өтті Жээнбеков.
Қырғыз президенті Назарбаевты ресми сапармен еліне келуге әрі, Көшпенділердің бүкіләлемдік III ойынына шақырған.
Назарбаев сөзінде «шешімі табылмайтын мәселе жоқ» деген. Оның сөздерінше, екі ел 2020 жылға қарай сауда айналымын 1 млрд долларға өсіру керек.
25 желтоқсанда Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Астанаға барды. 26 желтоқсанда ол жұмыс сапарымен Мәскеуге - ТМД мемлекет басшыларының биресми кездесуіне қатысуға ұшып кетеді.