Путин: АҚШ пен НАТО-сыз Ауғанстандағы жағдай қиын болар еді

Путин: АҚШ пен НАТО-сыз Ауғанстандағы жағдай қиын болар еді

Путин: АҚШ пен НАТО-сыз Ауғанстандағы жағдай қиын болар еді
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путиннің пікірінше, Ауғанстанда террористік қауіп күшейіп келеді, бірақ НАТО және АҚШ күштері болмаса, аймақтағы жағдай одан сайын ушыққан болар еді. Бұл туралы Интерфакс хабарлады. Ресей басшысы 25 желтоқсанда Федералдық Жиналыс палатасының басшыларымен кездесіп, Ауғанстанның Тәжікстанмен және Өзбекстанмен шекарасының барлығында Талибан қозғалысының содырлары тұрғанын айтты. Путиннің пікірінше, Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" содырларының пайда болуы жағдайды ушықтырып жіберді. Олар Талибанға қарсы шығып отыр. "Шындығы сол, НАТО және АҚШ коалициясы барда Ауғанстандағы жағдай қиындай түсті. Бұл шындық, жағдай одан сайын қиындай түсті, бірақ онда Құрама Штаттар болмаса, бұл елдегі жағдай одан сайын ушығып кетер еді. Біздің АҚШ-пен арамыз жақсы емес. бірақ біз шындығын айтуымыз керек, жағдай солай", - деді Путин. Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ-пен Ауғанстан жөнінде қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін білдірген.