Қазақстан мұнайды артығымен өндірді
Қазақстан мұнайды артығымен өндірді
Ағымдағы жылдың аяғына дейін 83 млн тонна мұнай өндіріледі деген жоспар болған, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстанда бір күнде 550 мың тонна мұнай өндіріледі.
"Демек, жылдың аяғына дейін әлі де бір миллион тоннадан астамын өндіруге болады. Кешегі мәліметке сәйкес, 84,5 млн тоннаны өндірдік. Оған тағы бір жарым миллионды қосыңыз. Сонда біз 86 млн-ның межесіне шыға аламыз. Жоспар бойынша 83 млн тонна болған. Жылдың аяғына дейін біз ол жоспарды артығымен орындаймыз. Мұнай өндірудің биылғы жоспарын орындауда Қашаған кен орнының үлесі зор", - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.